Өзбекстаннан елімізге 3 центнер насыбай өткізілмек болған

Өзбекстаннан елімізге 3 центнер насыбай өткізілмек болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Шекара бойында орналасқан "Бейнеу - теміржолдық" бақылау-өткізу бекетінің шекара жасағы "Қоңырат - Бейнеу" пойызына шекаралық бақылау жүргізу кезінде тамбурдың төбесіне жасырылған иесіз жүкті анықтады. Алып қарағанда әлгі жүк кәдімгі насыбай болып шықты. Салмағын өлшегенде насыбай 284 келіге жеткен. Насыбайдың мән-жайын түсіндіру үшін вагонның жолсерігінің жолдан қалуына тура келді", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Осы іс бойынша Атырау облысы Бейнеу аудандық құқық қорғау органдары мен өзара әрекеттес органдар хабарландырылды.