"2008 жылы ішкі нарықты газбен қамтамасыз ету үшін "ҰК "ҚазМұнайГаз" АҚ мен "Газпром", "Өзбекмұнайгаз" арасында СВОП операциялары арқылы 5 млрд текше метр көлемінде газды жеткізу жөнінде келісім жасалды. Бұл 2007 жылдағы көрсеткішпен салыстырғанда 20 пайызға артық ", -деді С. Мыңбаев.
Оның деректері бойынша Қазақстан үшін биылғы жылдың бірінші жартысында газ құны өткен жылғы денгейде қалдырылады. "Ал екінші жарты жылдықта баға көтеріліп, бір текше метр көгілдір отын құны $85 құрайды", - деп толықтырды ойын министр.
""ҚазТрансГаз" АҚ күз-қыс маусымында өзінің жер асты газ қоймаларына 756 млн текше метр табиғи газ сақтауды жоспарлап отыр ", - деп қорытындылады ЭМРМ.