Өзбекстанның бұрынғы президентінің отбасы туралы жаңа дерек жария болды

Ислам Кәрімовтің әке-шешесі мен аға-әпкелерінің осыдан 90 жылдай бұрын түсірілген ақ-қара түсті фотосуреті аталған қордың Фейсбуктегі парақшасына салынды, деп хабарлайды Caravan.kz.

«Кәрімовтер отбасының бұл фотосуреті 1928 жылы, яғни Ислам Кәрімовтің туыларынан 10 жыл бұрын түсірілген. Мұнда оның әке-шешесі – Абдуғани ата (1894 жылы туылған), Санобар ая (1902 жылы туылған) және олардың балалары – Мехринисо (1920 жылы туылған), Аманулло (1922 жылы туылған), Ибадулло (1926 жылы туылған) бар. Жалпы, осы отбасында 8 бала болған. Олар – жалғыз қыз Мехринисо және жеті ұл - Аманулло, Ибадулло, Арслан, Куддус, Икрам, Ислам, Хуршид» делінген фотоға түсіндірме жазбада.


Онда жазылғанындай, Өзбекстанның марқұм президентінің әкесі әжептәуір қызмет атқарған. Қатал адам болыпты. Өзіне де өзгелерге де талап қоя білген. Яғни өзі қатал тәртіпті сақтап, балаларынан да соны талап еткен екен. Махаллада үлкен құрметке ие болыпты.

Ислам Кәрімовтің анасы үй шаруасымен айналысқан. Ал оның әкесі текті әулеттен екен. Сауатты молда болған.

Естеріңізге салсақ, ресми мәлімет бойынша, Ислам Абдуғаниұлы 2016 жылдың 2 қыркүйегінде қайтыс дүниеден озды.