Өзбекстанның күш құрылымдары Гүлнар Кәрімовағақысымды күшейтті


Бейнежазба сілтемесін Гүлнар Кәрімова әлеуметтік желідегі жеке парақшасына жариялапты. Таспада құзырлы орган өкілдерін кімсің деп сұрақ астына алып жатқан адамның дауысы өзгертілгенімен Гугушаның өзі деген болжам айтылуда. Ал асты-үстіне төңкеріліп тексеріліп жатқан үлкен қызға тиесілі «Нирвана» дүкендер желісінің бірі. Сауда орны негізінен CD және DVD диск сатумен айналысады. Тексерудің енді немен аяқталары белгісіз. Жалпы Гүлнар Кәрімоваға қатысты қысым соңғы кезде күшейіп келеді. Өткен айда ғана оның медиахолдингіне қарайтын бірнеше телеарна мен радио жұмысын тоқтатқан болатын. Ал Ислам Кәрімовтың үлкен қызының Өзбекстандағы бизнесін жүргізген бөлесі, белгілі кәсіпкер Акбарәлі Абдоллаев түрмеде жатыр.