Өзбекстанның жаңа басшысы шенеуніктерге үлкен өзгеріс болатынын мәлімдеді

Сайланған президенттің тағы бір мәлімдемесі міндеттерін дұрыс атқармаған шенеуніктерді қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы ұсынысы болып табылады.  

Мирзиёевтің сөзіне жүгінсек, 25 қыркүйек күні ғаламторда премьер-министрдің виртуалды қабылдау бөлмесі ашылды. Осы уақыт аралығында виртуалды қабылдауға 218 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Олардың 59% —ның шешімі табылды, ал 41%-ы әлі қаралуда. Бұл өтініштерді сараптау арқылы азаматтар өмірінде күрделі мәселелер бойынша көп нәрсе белгілі болған екен.

"Санамызда бір сұрақ туындайды: билік органдары мен ведомстволар, тиісті басшылар бұл мәселелерді уақытылы шешпей қайда қарап жүр? Елімізде "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы" бөлек заң бар емес пе. Алайда, өкінішке орай, заңның жүзеге асырылуына мән беріп жүрген ешкім жоқ", — деп ойын қорытты Шавкат Мирзиёев.

Сол себепті, президенттің пайымдауынша, осы заң талаптарын орындамаған басшылар мен лауазымды тұлғаларды әкімшілік қана емес, қылмыстық жауапкершілікке тарту қажет.