Caravan Logo

Өзбекстанның жеті азаматы Ленинград облысындағы ангарда шыққан өрттен қаза тапты

Өзбекстанның жеті азаматы Ленинград облысындағы ангарда шыққан өрттен қаза тапты

Адамдардың денелері жанып кеткен ангарды аршыған кезде табылды. Бұл ангарда тротуар тастары дайындалған.

Өрт 600 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз. ТАСС-тың хабарлауынша, қаза болғандардың барлығы Өзбекстан азаматтары болған.

Ресейдің тергеу комитеті қылмыстық іс қозғады.