Айта кетсек, шымкенттіктер осымен үшінші тәулік жылусыз отыр. Жеке пеш жаққандары болмаса, қазір қалада шамамен 2 мыңға жуық отбасы газдың келуін зарыға күтуде. Өзіміздің «Бейнеу газдың» көлемін көбейтіп, өндіріс орындары жаппай үнемдеуге көшкенімен бәрібір көгілдір отынның қуаты көтерілер емес. Мамандар оған қатты суықтан құбырлардың қатып қалуы себеп деген болжам келтіруде. Дегенмен, бүгін газ тапшылығы көрші қырғыздарды да қыспаққа алып жатқаны белгілі болды. Мұнда бізден тасымалданатын Жамбыл газының қысымы азайған. Әзірге оның да қашан іске қосылары белгісіз. Бірақ Бішкекті бірер аптаға қамтуға азот қоры бар екен.
Тұрғынбек Құлмұрзаев, «ҚырғызГаз» АҚ бас директоры:
- Қазақстан жағымен сөйлесіп, мәселені бірер күнде шешуге уағдаластық. Ал әзірге біз азот қорын іске қосымыз. Сондықтан жұрттың байбалам салуына, тоңып қылуына негіз жоқ.