Өзбектер газ беруді азайтты


Аймақты газбен қамту үшін сағатына 430 мың текше метр газ берілуі тиіс. Алайда, екі күннен бері оның ауқымы үш есеге түскен. Осының салдарынан Шымкенттегі бірнеше ауданда көгілдір отынның көлемі күрт азайды. Аймақтағы отынның осы түріне байланысты туындаған мәселені тұрақтандыру үшін қазір Бейнеу газ құбырынан берілетін көгілдір отын көбейтіліп жатыр. Шенділер болса қорқудың қажеті жоқ деп сендіруде.  Аптаның соңына дейін өзбектер техникалық ақауларды қалпына келтірмек екен.