"Өзбектер мен қазақтарды құрған Ленин": Ресейлік БАҚ қазақтар туралы не жазуда?

Бұл жолы да Caravan.kz медиа порталы Ресейлік БАҚ-қа шолу жасап, орыс тілінен аударылған материалдарды назарларыңызға ұсынады.

Башқұртстан басшысы Радий Хабиров Қазақстанға келді - Gtrk.tv

Радий Хабиров Башқұртстанның ресми делегациясын басқарады. Бизнес-миссияның құрамына республикалық кәсіпорындардың басшылары да кіреді. Сапар бағдарламасында Қазақстан басшылығымен бірқатар кездесулер, іскерлік келіссөздер, сондай-ақ "Қазақстан–Башқұртстан" бизнес-форумына қатысу жоспарланған.

"Ресейдегі Зеленоград қаласының тұжырымдамасын жасаған әйгілі қазақ" - Тина Канделаки

Ресейлік тележүргізуші Тина Канделаки қазақстандық СІМ өкілі Айбек Смадияров журналистің Қазақстанға кіруіне тыйым салынғаны туралы хабарламадан кейін Ресейге келуді ұсынды.

"Мен біздің қарым-қатынасымызды жалғастырғым келеді және, әрине, сізді Ресейге шақырамын. Біздің халықтарымыз бен отандарымыз көп нәрсені біріктіретініне сенімдімін",- деді тележүргізуші.

Тележүргізуші Қазақстанның белгілі тұлғаларымен байланысты ескерткіштер мен орындарды атап өтті. "Әрине, менің Отаным Мәскеудің жүрегінен Абай Құнанбаев ескерткіші тұрған Чистопрудный бульвардан бастауды ұсынамын. Сіздерге ол жай Абай ретінде танымал,  Бізге – орыс тілі мен мәдениетін білу әлемнің қазынасының кілті екенін айтқан адам ретінде", - деді тележүргізуші.

Сондай-ақ ол Мәскеу облысындағы Зеленоград қаласының тұжырымдамасын қазақ Тотан Күзембаев жасағанын айтты.

"Өзбектер мен қазақтарды құрған Ленин" - Korrespondent.net

Ресейлік тарихшы Михаил Смолин Ресейлік бағдарламалардың бірінде "өзбектер мен қазақтарды құрған Ленин" екенін айтты.

Смолиннің пікірінше, өзбектер, қазақтар мен әзірбайжандар ешқашан болмаған. Ол революциядан кейін Лениннің қолдауымен большевиктер карталарды қайта құра бастағанын, РСФСР-ден "бөліктерді бөліп", ұлттар құра бастағанын атап өтті.

Михаил Смолиннің сөзіне Өзбекстан бірден жауап берді. Өзбекстан заң шығару палатасы спикерінің орынбасары Одилжон Тәжиев сауатсыз насихатшыларға назар аудармауға шақырды, сонымен қатар өзбектер 16-17 ғасырлардан бастап шетелдік зерттеушілердің карталарында үнемі пайда болғанын еске салды.

Қоғам қайраткері және экология министрінің кеңесшісі Расул Көшербаев саяси бағдарламаларды тарататын ресейлік арналарды таратуды тоқтату керектігін айтты.