Өзен-Атырау-Самара бағытындағы мұнай құбырын тартудың ағымдағы құрылыс жұмыстары басталды

Монтаждау жұмыстарын "Казстройсервис" компаниясы атқаруда. Жалпы ұзындығы 55 шақырымды құрайтын құбыр учаскесін монтаждау жұмыстары қыркүйек айында аяқталады деп межеленген. Қазір құрылыс жұмыстары 13 шақырымдық Өзен-Бейнеу және 42 шақырымдық Бейнеу-Құлсары бағытында жүргізіліп жатыр. Тартылып жатқан құбырдың диаметрі 1020 мм-ді құрайды.

"Казстройсервис" компаниясы 2001-жылдың шілдесінде құрылған. Ол еліміздің мұнайгаз саласындағы құрылыс , жөндеу және инжинирингтік жұмыстарды атқарушы кәсіпорындары арасындағы жетекші компанияға саналады. Компания иелігінде 1000-нан астам құрылыстық техникасы бар.