"Өзен-Атырау-Самара" мұнай құбырына өрт салдарынан мұнай жіберілмей қалды

Мекеменің түсініктемесіне сәйкес, 30 шілдеде сағат 4-те диаметрі 1200 миллиметрлік "Өзен-Атырау-Самара" мұнай құбырының жаңадан тартылған 34-114 шақырымдағы бөлігінің 100-ші шақырымында жоспарлы жұмыстар кезінде өрт шықты. "Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Мұнай құбырының тетіктері жабылып, мұнай жіберілмей қалды. Өртті сөндіруге ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің жеке құрамының 15 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті