"Өзенмұнайгаз" 2004-жылы Тепкі деп аталатын жаңа учаскеде геологиялық-барлау жұмыстарын бастауды жоспарлап отыр

Қ.Марқабевтың айтуына қарағанда, бұл құрылымдағы мұнайдың болжамдық қоры шамамен 8-10 млн. тоннаны құрайды. "Аталмыш алаңды игеруге арналған лицензияны "ҚазМұнайГаз" алған, әрі "Өзенмұнайгаз" АҚ-ның өндірістік филиалы оның салалық құрылымы болғандықтан, компания ондағы іздестіру жұмыстарына арналған бағдарлама жасады",- деді ол.

Оның айтуынша, алдағы екі айда жұмыс бағдарламасының бюджеті бекітіледі. Бағдарламаға сәйкес, 2004-жылы бір барлау ұңғысын бұрғылау көзделген. Бір ұңғыны бұрғылауға шамамен 500 млн. теңге жұмсалады.
Сондай-ақ, Қ.Марқабевтың айтуынша, 2004-жылы өндірістік филиал 3D сейсмологиялық барлау мәліметтері негізінде Өзен және Қарамандыбас кеніштеріндегі триас түзілімдеріндегі кең ауқымды іздестіру шараларына кіріседі. Биылғы жылы іздестіру мақсатындағы 4 ұңғы бұрғылау межеленген.