"Өзенмұнайгаз" ААҚ насостық-компрессорлық құбырларды жөндеу және диагноз қоюға арналған базаны пайдалануға берді

Базаның бастығы Қуанғали Қырымқұловтың айтуынша, аталмыш кешеннің бір артықшылығы сол, мұнда насостық-компрессорлық құбырларды жөндеу және маркировка жасау жөніндегі технологиялық желі толықтай автоматтандырылған.

Жөнделген құбырлар базадан мұнайгаз басқармасының жер асты ұңғыларын күрделі жөндеу бригадасы мен "Жөндеу" ЖШС-іне үздіксіз жіберіліп отырады.
Әрбір ауысымда 120-130-ға дейін құбыр қалпына келтіріледі. Олар арнайы қондырғыда парафин-май және мұнай қалдықтарынан тазартылады.
Бүгінде жөндеу-диагностикалық базасында 40 адам жұмыс істеуде.