«Өзенмұнайгаз» кен орнында өрт болды, зардап шеккендер бар

Өрт бір сағаттан кейін сөндірілді.

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланғандай, жалынды ауыздықтауға «Семсер - Өрт сөндіруші» өртке қарсы қызметінің 4 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды. Жалын шарпыған аумақ 22 шаршы метрді құрады. Өрттің салдарынан кәсіпорынның машинисі күйік жарақатымен ауруханаға жеткізілді.