"ТКБ Интерсертификат" ЖАҚ-ның кеңесшілері бірінші кезеңде "Өзенмұнайгаз" және "Ембімұнайгаз" өндірістік филиалдары, өндірістік нысандары мен құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілерімен және компанияның жоғарғы басшыларымен кездесу-сұхбаттар өткізуде.
Бұл тексеру барысында іс-шараларды жоспарлау, жоспарды іске асыру, жоспардың атқарылуын қадағалау және атқарылу нәтижесіне сәйкес жоспарларды түзету сынды төрт бағыт қарастырылады.
Қазір жобаның бірінші кезеңі қолға алынды. Бұдан кейін стандарттау талаптарына сәйкес құжаттарды дұрыс рәсімдеуге ұжым мүшелерін оқыту көзделіп отыр. Жобаның жалпы мерзімі 1 жыл 3 ай.
"Өзенмұнайгаз" компаниясы өндірістік филиалының директоры Мұрат Құрбанбаевтың айтуынша, бұл процедура қазіргі заманғы жұмыс жағдайына көшу үшін қажет. "Біздің кәсіпорын жұмысы ырғақты жолға қойылған біртұтас тетікке айналуы тиіс. Жоспарланған шаралар жұмысқа оң серпін беріп, болашақ табыстарға жол ашады",- деді ол.