"Өзенмұнайгаздың" өндірістік филиалы 2005-жылдың аяғы мен 2006-жылдың басында Қансу газ кенішін өндірістік-тәжірибелік тұрғыда игере бастамақшы

Оның айтуынша, бұған дейін Қансу газ құрылымында барлау мақсатымен 40 ұңғы бұрғыланған. Олар бүгінге дейін консервацияда жатыр. Барлау жұмыстары кеніште газ қоры бар екенін көрсетті. Болжам бойынша Қансудағы табиғи көгілдір отын қоры 12-20 млрд. текше метрге дейін жетуі мүмкін.

Қ.Марқабаевтың айтуынша, Өзеннен біршама қашықтықта орналасқан Қансуда қазір қандайбір инфрақұрылым жоқ. Осыған байланысты "ҚазМұнайГаз ҰК" АҚ 2004-жылдың аяғына дейін Қансу кенішінің тиімділігін дәлелдеу үшін газ құрылымын игерудің техника-экономикалық негіздемесін жасап шығаруды жоспарлап отыр. Қазіргі жағдаймен бұл кенішті игеруге ешкім лицензия алмаған.
Қ.Марқабаевтың айтуынша, "Өзенмұнайгаздың" өндірістік филиалы Теңге (газ қоры - 10-12 млрд. текше метр), Тасболат (қоры түгесіле бастаған), Ақтас (3-4 млрд. текше метр), Қарамандыбас (газ қоры - 5-6 млрд. текше метр), Өзен, Оңтүстік Жетібай кеніштерінде газ өндіреді. Жетібай кенішінде газ қоры біржола түгесілген, бұл жерде газ өндірілмейді.
Қ.Марқабаевтың айтуынша, игеріліп жатқан кеніштердің арасынан тек Оңтүстік Жетібай кенішінен кәсіпорын газдың 80-85 процентін өндіреді. Қазіргі жағдаймен табиғи газдың 60-70 проценті алынды. Зерттеулер қорытындысы бойынша, "Өзенмұнайгаздың" өндірістік филиалы игеріп жатқан кеніштерде қазіргі жағдаймен 20-30 млрд. текше метр газ қоры қалған.