- Ойбай, із-түссіз әйелім жоғалып кетті! - деп айғайлап кіреді бір еркек полицей учаскесіне.
- Қашаннан бері? - деп сұрады полицей.
- Бес, не алты жыл!
- Бес, не алты жыл?! - деп қайталайды таң қалған полицей. – Соншама уақыт неге үндемей жүрдіңіз, алты жыл бойы ат тағаладыңыз ба, неге бірден хабар айтпадыңыз?!
- Қалай десем екен... Түсінесізбе, - дейді еркек. – Менің өзім бұған сене алмай жүрдім!
**
Төрт қызметші
Шәкірті ұстазынан:
- Йен-Ю қандай адам осы?
- Оның мейірімділігі менікінен асып түседі.
- Цзы-кун ше?
- Шешендігі менен артық.
- Цзы-лу ше?
- Батылдығы басым.
- Цзы-чан ше?
- Адамгершілігі менікінен артық.
- Онда неге ол төртеуі сізге қызметші болып жүр?
- Отыр, мен саған асықпай баяндап берейін, - деді ұстаз.
- Йен-Ю өте мейірімді, бірақ кейде қатігездікке бастап апаратын кезде нәпсісін тежей алмай қалады. Цзы-кун сөзге шешен, бірақ кейде артық сөйлеп қояды, яғни керек кезде тілін тыя алмайды.
Цзы-лун батыл жан, бірақ батырдың аңғал келетінін өзің білесің ғой. Цзы-чан өзін жақсы ұстайды, бірақ көпшілік ортасында ынжықтығы да бар. Сондықтан да мен бұл төртеуінің жақсы қасиеттерін өзімдікіне жеке-жеке ауыстырмас едім. Сол себепті олар пәк жүректерімен маған қызмет етеді.
***
Соқыр сенім
- Хақиқатқа жету үшін кез-келген саяхатқа аттануға дайынмын,- деді қызуқанды шәкірт Ұстазына. Ұстазы бұл сөзге таңырқап: - Қашан аттанбақшысың?-деп сұрады.
- Сіз қашан және қай бағытқа қарай жүру керек екенін айтсаңыз болды, - деді шәкірт.
- Сенің мұрның қай бағытқа қарап тұрса, солай қарай жүру керек шығар деп ойлаймын.
- Ым-ым-ым. Ал қай жерде тоқтауым қажет?
- Қалаған жеріңде!
- Сол жерден Хақты табамын ба сонда?
- Әлбетте! Ол сенің тұмсығыңның астында тұрып, сенің түк көрмейтін көзіңе үңіліп тұрады, - деді Әулие.
Авторы: Жүрсін Кәрім