Caravan Logo

Өзгенің атына тіркелген SIM-карталар. Тексеріс басталды

Өзгенің атына тіркелген SIM-карталар. Тексеріс басталды

Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Виталий Ярошенконың айтуынша, алдын ала басқа азаматтардың атына тіркелген SIM-карталарды сату ұялы байланыс қызметтерін көрсету ережелерін бұзумен қатар, сатып алушыға әлеуетті қауіп төндіруі мүмкін.

"Егер азамат SIM-картаны сатып алса және сатушы оған нөмірді тіркеуді ұсынбаса, бұл нөмірдің басқа біреудің атына тіркелгенін білдіреді. Және нөмірдің иесі оны кез келген уақытта ажыратып тастауы мүмкін екенін түсіну қажет", - дейді Ярошенко.

Жүргізілген тексерулердің нәтижесінде ұялы байланыс қызметтерін көрсетуге келісім-шарт жасамай SIM-карталарды сату фактілері расталса, дилерлерге 100 АЕК дейін айыппұл салынады.


2019 жылғы 1 қаңтарда Қазақстанда абоненттік құрылғыларды тіркеу аяқталды. Қазіргі уақытта қолданыстағы барлық мобильді телефондар SIM-карта иесінің ЖСН-на тіркелген. 2018 жылы SMS хабарлама жолдау арқылы тіркелмеген ұялы байланыс құрылғылары  (2019 жылғы 1 қаңтарда) телефондағы SIM-картаға байланып, автоматты түрде тіркелді.