"Өзі келінінен жас": Әйгілі өзбек әншісі Шахзода келінді болды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Өзбекстанда танымал әнші Шахзода үлкен ұлы Салихты үйлендіргені белгілі болды.

Қуанышты жаңалықты ол әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Той көптен күткен оқиға болып, көптеген қонақтардың басын қосты.

Жанкүйерлер отбасыны осы маңызды оқиғамен құттықтап жатыр. Оқырмандар әсіресе енесінің келіннен де жас көрінетінін, оның еш өзгермегенін жарыса жазып жатыр.

"Өзгеретін түрі бар ма? Әлі күнге дейін жас көрінеді, оның жанында біз қартайдық", "Енесі де, келіні де бірінен-бірі өтетін сұлу, жастар бақытты болсын", "Қандай қарапайым, әдемі жұп, Шахзода сол қалпы, түк өзгермеген", - деп жазып жатыр олар.