Азамат сол үйдің үлкен әжесінің күйеуі болса, сол әйелдің туған қызына көңілдес болған, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.
Ер адам жайлы сұмдық жайттардың беті «Астарлы ақиқат» бағдарламасында ашылды
«Астарлы ақиқатта ертең айтсаң адам сенбейтін тағдыр талқыланады.
Үш жастағы қос қызды зорлады деп айыпталып жатқан апасының көңілдесі. Күдіктінің үйіне менің командамның тілшілері барып келді. Аулада қоқыс арасынан сыра мен энергетикалық сусынның бөтелкелері және арақ жәшігі әлі күнге дейін жатыр.
Сорақысы сол, сұмдық болған күдіктінің үйі полиция учаскесіне тиіп тұр. Ауылдағы инспектордың бұл отбасына бұрын соңды неге назар аудармағаны түсініксіз. Ал, Бақанастың тұрғындары осы үйдегі 7 жастағы қыздың екі жыл бұрын көсеумен күйіп, азапталғанын айтуда.
Бақанастағы мектеп, полиция, қорғаншылық және қамқоршылық бөлімі, бәрі - жазалануы керек деп есептеймін!», - деп жазды бағдарлама авторы Дина Төлепберген.
Желі қолданушылары туған немемелерін аямаған әйелді қатаң сынға алды. Олар:
"Әже" деген атқа кір келтіріп отырған біреусің ғой, осы атты алған атың құрысын", "Өзі, қызы қандыра алмаған соң, немерелерін әкелген ғой, азғындар", "Бәрін жазалау керек, сол ауылдың полицейлерін де, мұндай бассыздық жол берген солардың да кінәсі бар", "Өлім жазасының өзі жеңіл мұндай азғындарға, періштелерге обал болған, бағдарламаны жылап отырып көрдім" деп жазды олар.