Актрисаның оқырмандары оған аталған образ жарасқанымен, қазақтың көйлегіне еш нәрсе жетпейтінін айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Актрисаның өзі болса, көпшілікті келіп жеткен Рамазан айымен құттықтады.
"Айлардың сұлтаны Рамазан келді. Төзім мег сабырға, ораза мен намаздан жаңылмауға, құлақ, көз, ауыз, жүректі иманға байлауға, ақыретке кепіл болуға Жаратқан нәсіп етсін. Ниетті жан, оразаңыз қабыл болсын", деп жазды ол.
Актрисаның оқырмандарының бірі оған бұл образ жарасытынын айтып, орамалға келуін сұраса, енді бірі хиджабқа бүркенбеуін өтінген.
"Жарасымды, онда тұрған не бар?!", "Оразаңыз қабыл болсын, сізге жарасады екен", "Қазақша көйлек кисең ғой", "Орамал несіне тақтыңыз", "Сіз де орамалға келдіңіз бе, Рамазан айы ғой, еш ғайбаттамай-ақ қояйық, өзі шешсін" деп жазды олар.