Алайда, мұның барлығы кеңседегі сауда агентінің ойлап тапқаны болып шықты. Бейнетаспаны қайталап көрген полицейлер зардап шегушінің әрекетінен мін тауып оның айласын әшкерелеген. Осылайша өзінің жұмыс орнын тонауды жоспарлаған жігіт, ақыры сыбайластарын ұстап беруге мәжбүр болды. Үш қаскөй қаладан қашып бара жатқан жерінде қолға түсті. Араларында 25 жастағы қыз да бар екен. Ал көліктен қолды болған қаражат табылған.