“Өзім білем мен оған сыйынсам да”: Балтабек Нұрғалиев орыс тіліне арнап даулы өлең шығарды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы “Адырна” порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Ол өлеңнің әуелі орысша нұсқасын жариялап, кейін көпшіліктің пікірінен кейін ол өлеңінің қазақша нұсқасын ұсынды.

Орыс тілім, жасай бер, орыс тілім,

Мен өзіңді білуге борыштымын.

Орыс тілін білмесем егерде мен,

Түсінбес ем өмірде көп іс түбін.

Орыс тілім — қанатым қалықтаған,

Орыс тілде сөйлесем, шабыттанам.

Орыс тілі — көркем тіл, әдемі тіл,

Ұлылығын айтудан жалықпағам.


Орыс тілде ән айтам, тыйым салма,

Өзім білем мен оған сыйынсам да.

Орыс тілі — жанымның шамшырағы,

Орыс тілмен шешілер қиын шаруа.

Орыс тілсіз ұқпаспын замандарды,

Әлемдегі хаттарды, хабарларды.

Сүюге де міндеткер емеспін мен,

Орыс тілін сүймейтін адамдарды.

Ақынның бұл өлеңіне көптің көңілінен шықпады. Орыс тілін мақтап жазған өлеңіне жағымсыз пікір көп жазылуда.