"Өзім бүлдіріп қойған соң": Әндетіп қамыр жайып, балаларына ас әзірлеген көңілді әке желіні шулатты

Ер азамат өзінің бұл ісін әзіл әнмен жеткізген, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Қатын тағы кетті роддомға, тағы тамақ жасаймыз, былтыр манты жасадық, биыл лапша жасаймыз. Қатын қойды ғой көтеріп, аштан қалмаймыз біз өліп. Өзім бүлдіріп қойған соң, отырмын мойныммен көтеріп", - дейді ол

2 миллионнан астам қаралым жинаған видеоға желі қолданушылары түрлі пікірлерін жазуда.

"Міне нағыз ерлік", "Бала-шағасын басты орынға қойған мықты еркек", "Әйелім туды деп қыдырып жүрмей, балаларына бас-көз болған мықты азамат екен", "Молодец роллтон алып бере салмай, лапша жасап беріп жатқанына", "Керемет әке, барлық балаға осындай әке бұйырсын", "Тамақ істеу ер адамның ісі емес, әйелі кетерде дайындап кетпей ма", - деп жазды олар.

Loading...