Өзімді еңбек адамы ретінде көрсеттім десем де болады - Қарлығаш Бақдәулетқызы

Табыс кілті - әрбір адамның ынта-ықыласы мен ерік-жігерінің арқасында. Елімізде еңбектенген адам үшін жасалып, атқарылып жатқан шаруа көп. Үкімет тарапынан елдің еңбек етуіне ынталандыратын көптеген мүмкіндіктер де жетерлік, Солардың бірі - жеңілдетілген несие.

Осындай жеңілдетілген несиеге іліккен азаматша Батубаева Қарлығаш Бақдәулетқызымен сұхбаттасып, мән-жайды білген болатынбыз.

- Қарлығаш ханым, еңбектеніп жатқан адамдардың бір өзіңізсіз деп айтар едім...  Осы тұрғыда айтыңызшы, үкіметтің халыққа жасапжатқан  қандай мүмкіндітерін баса айтар едіңіз?

- Әрине, еңбек түбі – береке. Елімізде жағдай жастар үшін де қарастырылған. Үкімет тарапынан несие беру бағдарламасы шыққаннан бастап бірден кірістім. Бірінші лекке іліктім.

Тек танысы барлар алады деген бос әңгіме. Мен өзімнің туған-тумаларым арасында да өзімнен кейінгі іні-сіңіліліреіме «Еңбек имиджі», еңбек адамы тұлғасын көрсеттім десем де болады. Олар үшін еңбектену, іздену барысында, үлкен үлгі болдым.

Құжаттар жөнінде айтар болсам, барлығын өзім жүріп дайындадым.

2,5 жарым пайызбен несие үкімет тарапынан беріліп жатқан үлкен көмек. Ешқандай танысым жоқ. Мен осы халық арасында айтылатын мұндай әңгімеге еш келіспеймін. Себебі, барлық жерде, яғни, әлеуметтік желіде ақпараттар тарады. Тек сол ақпаратты ізденіп, ақтарып оқыса болғаны. Сол жерде барлығы үлгісімен көрсетілген. Нақты айтылған.

- Несие алу барысында қандай құжаттар дайындадыңыз. Қанша уақыт кетті?  

- Тез арада дайындаймын десеңіз 3-4 күнде дайын болады. Мен өзім бір апта ішінде дайындап, өткіздім.

Egov-тан шығаратын документтерге ЭЦП кілті болса жеткілікті, өзім шығарып алдым. Одан кейін банкте қандай да бір несиеңіз болса, оған документ дайындау керек. Менде бір-екі рассрочка болған. Сол рассрочкада қаншалықты қарызым қалғанын да онлайн түрде шығардым. Ешқандай жерге жүгірген жоқпын, таныстарым да болған жоқ. Үйімді кепілдемеге (залог) қою үшін, жолдасым екеуміз нотариусқа бардық. Ол жерден екі рет документ алдық. Жолдасым үйді кепілдемеге қоюға келісімін берді. Одан соң екеуміз қол қойған құжатты растайтын нотариустың қағазы керек болды. Үшінші документ бағалаушы (оценщик) берген документ болды.

- Бизнес жоспар жасадыңыз ба? Оны қорғау керек деп естідім. Оны қалай еңсердіңіз?

- Несиені қалай алу жөнінде бағдарлама шыққан кезде, қандай бағыттар бойынша алуға болатынын оқып шыққан болатынмын. Мал шаруашылығы, әр түрлі кәсіпті дамытуға болады. Мысалы, мен өзімнің есік алдында шағын дүкенім болатын. Бірақ, оған құжаты дайын болмағандықтан, жасай алмадым. Сол сияқты, дүкені бар немесе жаңадан ашқан адамдар алса болады. Ақшаның төрттен бір бөілігіне дүкенді жабдықтауға кетсе, қалған соманы сауданы дамытуға жұмсауға бизнес жоспарда көрестуге болады.

Ал, мен өзім мал аламын деп бизнес жоспар дайынадым. Мен өзіме тоғыз жылқы аламын деп көрсеттім. Мен үшін бизнес жоспар жасау қиын емес. Агро.кз сайтына кірсе, үлгісі де көрсетілген. Оқып, қараған адамға бәрі дайын тұр. Немесе сол орталыққа барса да, бәрін түсіндіреді. Ал, мен бизнес жоспарды өзім жасадым. Мен бір жылқының жылына қанша жем-шөп жейтінін сұрадым. Соны өзім есептеп, жазып, қорғап шықтым.

- Несиені қашан береді және қанша сома?

- Ақшаны біз қорғаған бизнес жоспарды тыңдады. Енді ол қаралым үстінде. Яғни, жопарымыз електен өткізіледі. Бизнеспланымыз қорғалғаннан бөлек, қағаз жүінде де көп тексеруден өткізіледі. Одан соң, аграрлық корпорацияға бұйрық түседі. Содан соң, олар бізге договор дайындайды. Сол договор дайын болған соң өте жақын арада маған ақша түседі. Мен 5 миллион теңге аламын. 

- Қарлығаш ханым, енді осы алған ақшаны қалай және қанша уақытта қайтарасыз? Яғни, қайтарым жағына тоқатылыңызшы...

- Иә, дұрыс айтасыз. Әрине қайтарымы бар, аты айтып тұрғандай жеңілдетілген несие. Бұл бізге үкімет тарапынан өте үлкен көмек. Еңбектенемін, қандай да бір кәсіп бастаймын деген әрбір адамға берілген мүмкіндік.

Бұл тұрғыда мен өзім мал шаруашылығы бойында бизнес жоспар жасағандықтан, мен бұл соманы 28 айдан соң, ай сайынғы төлеммен қайтарамын. Әрине, енді бұл ақшаның сұрауы болады. Сол жасаған бизнес жоспар бойынша, іске асуы керек. Яғни, қалай жұмыс жүріп жатқан барысын отчет жасаймыз. Әу баста документ дайындау барысында қалай көресітлсе, солай жүзеге асады.

Қуантарлығы осы және 2,5 пайызбен ғана қайтару. Бұл мүмкіндікті әрбір қазақстан азаматы сауатты түрде пайдаланса деймін, осындай жеңілдікті білсе, еңбектенсе деймін. 

- Сұхбатыңызға көп рахмет! Қолға алған кәсібіңіз берекелі болсын! 

Айта кетейік, халықты еңбексүйгіштікке баулу бойынша, «Еңбек адамы» имиджін қалыптастыру барысында «Аргарлық несие корпорациясы» АҚ-ның да үлесі зор.

* Жастарға арналған 2,5 пайыздық несиені алудың негізгі шарттары қандай? Қай уақытқа дейін өтінім қабылданады?

* Кімдерге және қанша уақытқа беріледі?

* Қандай сала бойынша кәсіп бастап, жеңілдетілген несиеге ие болуға болады?

Осы және өзге де сұрақтарға «Аргарлық несие корпорациясы» АҚ аймақтық даму департаментінің менеджері Сапарғали Қосымов жеңілдетілген несие жайында нақты мағлұмат берді.

- Жалпы бұл жастарға арналған 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие 21-35 жас аралығындағы кәсіпкерлерге арналған бағдарлама. Жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі 5 жылдан аспауы керек. Бағдарлама наурыз айының бірінен басталды. Қазіргі таңда өтінімдер қабылданып жатыр.

Кез-келген кәсіп түрлеріне беріледі. Шектеу жоқ. Нақты айта кетерлігі, тек терроризмге қатысты, букмекерлік орталықтарға қатысты болмаса болды.

Бизнес жоспар дайындау еш қиын емес, небәрі екі парақта көрсетіледі. Қалай жүргіземін, қалай алып жүремін деген.

Заңгер мамандар, кепіл-мүлік бойынша қарастыратын мамандар құжаттарды қарастырады. Ай сайын комиссия мүшелері талқылап, қарастырып, шешім қабылдайды.

Несие алу барасында кепілдік қажет. Досы, ата-анасы, баурлары арқылы нотариалды түрде жасалады.

Бұл қайтарымды ақша. Міндетті түрде өтеледі. Бұл – грант емес. Тексеріс жұмыстары жүргізіледі, келісім-шарт бойынша болады. 90 күн ішінде міндетті түрде мақсатты пайдаланғандығы жөнінде көрсетуі керек.

29 миллиард ақша қарастырылған. Нақты мына уақытта өтінім қабылдану тоқтатылады деген жоқ. Тек қарастырылған ақша таусылғанға дейін, өтінімдер қабылданады.

Қазіргі таңда 68 адам несие алды. Бұл дегеніміз 329 миллион теңгені құрайды.

Өтінім беру кезінде құжат дайындаушының жасы 35-тен аспауы керек.

Соңғы 180 күннен несиесі өтелмеген болса, бұл адам жеңілдетілген несие бағдарламысына қатыса алмайды.

Мұның барлығы кәсіп ашамын, жұмыс жасаймын деген әрбір азамат пен азаматшаны еңбексүйгіштікке баулу.

Толық ақпарат agrocredit.kz сайтында көрсетілген.