Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Шынымды айтсам менде гештальт деген өте көп болды. Қазір есіме түскендерін сіздерге айта отырайын. Мен бала күнімнен қуыршақтарды өте қатты жақсы көрдім. Ата-анам бетімнен қақпай қуыршақтарды үйіп-төгіп әперетін. Өте ұқыпты болдым. Бір де бір қуыршағымды жоғалтпай тоздырмай ойнайтынмын. Содан 13 жасқа толғанда көршім сен енді мүшел жасқа толдың. Ең жақсы көретін, қимайтын затыңды біреуге беру керек. Өйтпегенде жаман болады деді. Мен соған сеніп, үйдегі бар қуыршақтарымды танымайтын бір қызға бере салдым. Сол сәттен менде қуыршақ деген гештальт пайда болды. Араға жылдар салып, өзіме қуыршақтар сатып алдым. Бала күнгі гештальт осылай жабылды. Көптен бері іздеп жүрген қуыршағымды тауып, екеуін алдым. Күлмеңіздер, қазір ашып ойнаймын", - деді актриса.