Онда әнші сахнада тұрып жұрта қазақша тілінде әзілдеп, бір күлдіріп алды, деп жазады Caravan.kz медиа порталы.
Алдымен ағылшынша сөйлеген әнші сөзін ана тілінде жалғастырды.
"Қалайсыздар, құрметті ағайын? Өзіміз отырып шай ішейік деген сияқты, қазақша сөйлегенге кәдімгідей рахаттанып отырмын. Не қыл дейді? Қазақша қазір болады. Ел-жұрт аман ба? Амансыздар ма?" - деп халықтың жағдайын сұрады әнші.
Айта кетейік, Димаш Құдайберген 25 наурыз күні Дубайдың Coca-Cola аренасында концерт берді.