“Өзін асырай алмай отырған жігітті үйлендіріп, оның бала-шағасын қосып бағу қазақтың менталитетіне сіңіп кеткен” - Айгүл Орынбек

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасына жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Қазақтың “Санасына митинг” керек!

Қазақтың менталитеті “Ұят болады” деген сөз отбасылық қарым-қатынаста жүрмеу керек!
“Жұрт не дейді емес, жұрт не демейді? “, деп өмір сүру керек!
Жұрт сен періштедей пәк болсаң да, дей береді!
Қыздар мен жігіттер өздеріңнің адамдарың яғни сендермен бір толқында жүретін адамды тапқанша отбасылық қарым-қатынасқа түспеңдер!
Тұрмысқа шығу керек, деп шығып өліп қалғанша, ал жігіттер қылмыскер болғанша тірі, бостандықта өздеріңнің рахаттарыңа өмір сүріңдер!
Білім алыңдар, ізденіңдер, өздеріңді бірінші танып алыңдар! Өздеріңнің қауіпсіздіктеріңді бірінші өздерің қорғау керексіңдер! Жігіттерге де айтар кеңесім осы!
Заңды қатаңдатып шығарған дұрыс, бірақ адамдардың санасы мен көзқарасын өзгертпей ештеңе өзгермейді.
Отбасылық өмірге саналы тұрғыда дайын болмай, үйленіп қажеті жоқ.
“Ойбай біз өлеміз ертерек немере көру керек”, деп ата-аналар балаларды асықтырып, өзін асырай алмай отырған жігітті үйлендіріп, одан оның бала-шағасымен қосып бағу қазақтың менталитетіне сіңіп кеткен үйреншікті дүние.
Зорлық -зомбылық бірінші қыздың үйінен басталады “қыздарға байға ертерек ти”, деп қыздардың миын психологиялық зорлайды. Ол ер азаматпен қарым қатынасқа дайын ба, дайын емес пе қарамайды да. Әйтеуір әлпештеп өсірген қыздарынан құтылуға асығады.Сосын ұрып соғып үйіне әкеліп тастаса, “мінезің жаман болған соң байыңа симадың”, деп одан сайын буллинг жасайды. Сосын өз отбасынан жылулық таппаған қыз, барар жері болмаған соң, қайтадан сол тиранның үйіне барады.
Жалпы біздің қоғамның санасын ояту керек! 18 ге келген соң, өмірде жасаған әрбір қадамыңа заңды түрде өзің ғана жауаптысың! Сені біреу ұрып жатса, оған тек өзің кінәлі боласың, себебі сен оған өзің жол бердің! Сенің таңдауың сол болды!
Бүкіл еркек жаман, қыздардың бәрі періште деп митингке шыққаннан өзгеріс болмайды.
Мәселені түбінен зерттеңдер! Біз отбасылық тәрбиеде қателік жібердік, біз осыны дұрыстауымыз керек!", - деп жазды Айгүл Орынбек.