Олар сарбазды қарумен атқан деп топшылайды, деп хабарлайдыі КТК телеарнасы.
Марқұмның анасы баласының мәйітін жіті қарап, соққының іздерін көріпті. Айтуынша, ұлы әлімжеттіктің құрбаны болған. 20.06.2019 ҰБТ-2019: Тестілеудің алғашқы күні түлектердің қулығы жаппай әшкере болды Алматыда дәмханадан шыққан алапат өрт тұрғын үйге жайыла жаздады Оралда оқыс оқиғадан кейін аттракционның жұмысы тоқтады Майгүл Әліпбаева,
- Неге беті көгеріп, ерні жарылған деп сұрадым. Тергеуші жауап бере алмады. Өз өзіне қол жұмсағанда сондай іздер қалады дейді. Бейнекамераны көрсетті. Ұлымның автоматты алып, өзін атқан кадрлар жоқ. Тек мұнарада жатқан видеосы бар. Күмәнді тұстар өте көп. Нақты дәлелдері болмаса да, суицид жасады деген шешім шығарғанын түсіне алмаймын. дейді анасы
18 жастағы ұлынан қапыда айрылған ана адвокатқа жүгініп, тергеуді қайта жүргізу үшін барымды саламын деп отыр. Еске салсақ, қаңтарда Алматы облысынан әскерге аттанған сарбаз Әліби Сапа бір айдан кейін үйіне табытпен оралған болатын. Әскери бөлімдегілер Ұлттық Ұлан сапындағы жауынгерді Қарағандыдағы АК 159да 7 түзету мекемесінің мұнарасынан өлі күйінде табылғанын хабарлаған. Ал сараптама қорытындысына сүйенген құзырлы орган мамыр айында жас сарбаз өз-өзін атып өлтірді деген шешім шығарды.