Caravan Logo

Өзін өзі тонаған семейлік азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалып жатыр

Өзін өзі тонаған семейлік азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалып жатыр

Семей қаласының тұрғыны қалтасындағы ұялы телефонын сатып жіберген соң полицияға арыз түсірген. 

Айтуынша, оны көшеде белгісіз топ қоршап алып, тепкінің астына алыпты, онымен қоймай қалтасындағы ұялы телефонын да сыпырып кеткен. Смартфонның бағасы 110 мың теңге көлемінде.

Полиция қызметкерлері 40 жастағы ер адамның сөзінен шикілік байқаған соң, оның ешқандай тоналмағанын анықтады. Ақшаны керегіне жаратып тастаған соң үйдегі туыстарына айтар сылтауы болмаған ол, осындай қитұрғы қадамға барған.

Енді жалған арыз түсіргені үшін Семей қаласы тұрғынының үстінен қылмыстық іс қозғалып жатыр.