Өзін және ұлын өртеген Приозерск тұрғыны қайтыс болды

«Балқаш ауруханасына 100 пайыз дене күйігімен, бас миының жарақатымен өте ауыр жағдайда ер адам түсті. Дәрігерлер барынша тырысып бақса да, оның өмірін сақтап қала алмады. Бүгін таңертең ер адам қайтыс болды», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Қайғылы оқиға 12 қыркүйек күні түнде болған. Алдын ала болжам бойынша, отбасылық жанжал кезінде 49 жастағы ер адам 8 жастағы ұлына және өзіне жанармай құйып, өрт қойған. Осыдан кейін өзін-өзі өлтіру мақсатында ер адам 4 қабаттан секіріп кеткен.

Алынған жарақаттан бала көз жұмды. Және алдын ала болжам бойынша, жоғарғы қабаттағы пәтер тұрғындары - әйел мен кішкентай қыз өрт иісіне тұншығып қаза болған.


Ер адам ауруханаға жатқызылған.

Аталған факт бойынша, ҚР ҚК 99 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.