Өзіне қол салған Робин Уильямстың диагнозы анықталды

    Паркинсон ауруымен науқастанған болатын, ауруы алғашқы сатыда еді, деп хабарлады жұмада Би-би-си оның жесірі Сьюзан Шнайдерге сілтеме жасай отырып.

"Робиннің ақыл-есіне зақым келген жоқ, ол депрессияға, Паркинсон науқасының бастапқы белгілеріне қарсы батыл күресіп келді, науқасы туралы көпшілік алдында жайып салуға дайын емес еді", деп келтіріп өтеді Би-би-си С.Шнайдердің сөздерін.

Ол атап өткендей, жұбайы өмірінің басым бөлігін басқаларға көмектесіп сүрген.

"Робиннің артында үш баласы қалды,ол әрдайым басқаларға, әсіресе жеке басында проблема барларға бақыт пен қуаныш сыйлайтын", делінген актердің жесірінің мәлімдемесінде.

Р.Уильямстің мәйіті дүйсенбіде Тибуронда (Калифорния штаты) үйінде табылған. 63-жастағы актер өзіне қол жұмсаған, қылқынып өлген.


Ол "Оскар" иегері, "Алтын глобус" сыйлығын бес рет алған. Р.Уильямс Чикагода 1951 жылы туылған. Оның аты "Қайырлы таң, Вьетнам" "АқылдыУилл Хантинг", "Миссис Даутфайр", "Джуманджи" фильмдеріндегі рөльдері арқылы танымал болған.