Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Бен мен Элисон Хорнсби алғаш рет 1998 жылы, Элисон орта мектепті бітіргеннен кейін үш жылдан соң кездесті. Ол кезде Элисон ломбардта жұмыс істеген. Ал пошташы Бен оған хаттарды жеткізіп отырған. Көп ұзамай олардың арасында қарым-қатынас басталып, 2002 жылы ерлі-зайыптылар үйленді.
20 жылдан астам уақыт бірге өмір сүріп келе жатқан ерлі-зайыптылардың бес баласы бар: үшем және егіз қыздар, олар қазір 19 және 15 жаста. Элисонның айтуынша, балалардың жолы болды. Себебі, Бен олар кішкентай кезде зейнетке шығып үлгерген.
“Күйеуіңнің зейнетке шығуы және көп уақытын үйде өткізуінің көп артықшылықтары бар. Ол менімен бірге балаларымызды тәрбиелеумен айналысты. Бұл маған үшемдер мен егіздерге күтім жасау кезінде шаршамауға көмектесті", – деді Элисон.
Әйел зейнеткер әкенің ата-аналар жиналысына барғанын, балаларды жаттығуға апарғанын және балалардың өміріне толық қатысқанын айтты. Элисон бұл жағдай балаларының толық тұлғаға айналуына көмектескеніне сенімді.
Жас айырмашылығына байланысты балалардың достары бірнеше рет Бенді атасы деп ойлаған. Дегенмен, ерлі-зайыптылар сырттан келетін жағымсыз пікірлерді сирек естиді. Ерлі-зайыптылардың туыстары мен достары олардың бірге болу туралы шешімін бірден қолдаған.
"Бізге бір-бірімізбен уақыт өткізген ұнайды. Бен шынымен менің арманымдағы адам. Оның маған патшайымдай қарағаны ұнайды. Ол маған адал және қолдау көрсетеді. Онымен өзімді қауіпсіз сезінемін, жақсы көремін және ең жақсы қасиеттерімді көрсетемін ", - деп түйіндеді Элисон.