Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Менің басымда қызық жағдай болып жатыр: Ахметбек ағамды кәдімгідей сағынып іздейтін болыппын. Өзіңді біреу күнде жамандаса - біртүрлі үйреніп алады екенсің. Күнде таңертең әлеуметтік желілерді ашып қараймын: Ахметбек ағам мен туралы не айтты екен деп. Біреу сені жерден алып жерге салып жамандаса да, әлемде біреу сені іздейтіні, біреуге керек екеніңді сезіну де біртүрлі көңілге қуаныш сыйлайды екен. Сол Ахметбек ағам, міне, 3-4 күн болды - хабарсыз. Өзіне бірдеме болып қалмады ма екен деп уайымдап та қоям. Көрсеңіздер сәлем айтыңыздаршы: қайда жүрсе де аман жүрсін. Ахметбектей ағаларымыз біздің қоғамға ауадай қажет. Ағамның қадірін сіздер әлі білмейсіздер", - деп жазды Омар Жәлелұлы.