Өзінің туған қызын саудалаған келіншек пен оның сүйіктісі сотталды


Есірткіге елірген азаматша мен оның көңілдесі бес жасар бүлдіршінді 700 мың теңгеге сатпақ болғанда қолға түсті. Екеуі наркодиспансерде есепте тұр. Ал безбүйрек ананың сүйіктісі болса бұған дейін бірнеше рет ұрлықпен ұсталып, судья оны қауіпті қылмыскер деп тапты. Сондықтан бұл жолғы жазасын қатаң тәртіптегі түрмеге өтейтін болады. Ал Арина есімді бүлдіршін қазір уақытша бейімдеу орталығында тәрбиеленіп жатыр.