Өзін-өзі астықпен қамтамасыз ете алмайтын өңірлерге 560 мың тонна астық жеткізу қажет - Есімов

"Өзін-өзі астықпен қамтамасыз ете алмайтын Алматы, Атырау, Жамбыл, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астана және Алматы қалаларына 560 мың тонна астық жеткізу қажет", - деді ол. Еліміздің ауылшаруашылығы министрі облыстар мен Алматы және Астана қалаларының әкімдеріне "астық жеткізу жөніндегі меморандумға қол қою жұмыстарын қамтамасыз етуді" сұрады.

Министр жалпы алғанда елімізде нанның бағасының тұрақтылығы сақталып оытрғанын атап өтті. "Бұл ретте жергілікті жерлерде құрылған астықтың тұрақтандыру қорлары оңды әсерін тигізді", - деді министр. Сонымен бірге А. Есімов дүниежүзінде белең алған азық-түліктік бидайдың тапшылығы Қазақстан астығына деген сұранысты өсіріп жібергенін, соған сәйкес оны экспорттау көлемінің ұлғая түскенін атап өтті. "Өңірлерді астықпен қамтамасыз ету мәселесі біз үшін өзекті күйінде қалып отыр", - деді ауылшаруашылығы министрі.