Өзін-өзі өртеу әрекетіне барған Шымкент тұрғыны ауруханада көз жұмды

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, өткен сенбі күні 11 сағат 30 минутта М.Тотымбаев облыстық прокуратура ғимаратының алдында үсті-басына жанармай шашып, өртеп жіберген болатын. Соның салдарынан денесінің 60 проценті күйік шалған ол аурухананың реанимация бөлімшесіне жеткізілді.

Полицияның тексеруі барысында белгілі болғанындай, былтырғы қаңтар айында М.Тотымбаев өзінің бір танысынан 600 мың теңге қарызға алған. Сөйтіп, пәтерін несие берушінің атына кепілдікке рәсімдейді. Алайда, М.Тотымбаевтың айтуынша, қарызды толығымен өтесе де, оған пәтері кері қайтарылмаған.
М.Тотымбаев Шымкент полициясының 2-бөліміне несие берушінің үстінен шағым түсірген. Алайда, М.Тотымбаев пен кредитор арасында үйді сатып алу туралы келісім-шарты жасалуға байланысты сот оның отбасын пәтерден шығаруға үкім кеседі.