«Ozyq Urpaq» - оқушылардың білімін нақты жетістікке айналдыратын жоба

Жоба 2022 жылдан бастап Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен «Роботек» білім беру және спорттық робототехника мектебімен бірлесіп жүзеге асырылып келеді.

Жоба аясында «Роботек» жетекші мамандары Қазақстанның түрлі қалаларында мұғалімдерге арналған оқыту курстарын өткізеді. Кейін педагогтар жарты жылға жуық уақыт бойы оқушыларға инженерия, электроника және бағдарламалау саласындағы білімін бөлісіп, сабақ өткізеді. Бұл ретте, мұғалімдерге факультативтік сабақтар үшін Нұрсұлтан Назарбаев Қоры тарапынан еңбекақы төленеді.

Өткен жылдары жобаның арқасында Жезқазған, Семей, Ақтау, Қостанай және Қызылорда қаласындағы 25 мектептің 1900-ге жуық оқушысы білім алды. 25 мектептен 1900-ге жуық оқушы білім алды.

Биыл Өскемен, Ақтөбе және Орал қалаларында басталған курстар 15 мектептен 750 баланы қамтымақ.

Оқу аяқталған соң осы қалаларда да басқа қаладағыдай оқушылар арасында робототехникадан турнир өтеді. Бұл сайыстар алған білімді бекітуге мүмкіндік береді.

– Робототехника курстары LEGO Mindstorms EV3 жиынтықтарын пайдалана отырып өтеді.Әрі теориялық және тәжірибелік бөлімдерден тұрады. «Ozyq Urpaq» жобасының оң нәтиже беріп жатқанын көріп отырмыз. Себебі сапалы білімді өңірлерге жеткізу жүзеге асырылуда. Білім алған оқушылар мен мұғалімдер Robotek Grand Tournament, Roboland, RoboJunior сияқты турнирлерде жүлделі орындарға ие болуда, – деді Оралда өткен жобаның тұсаукесерінде «Роботек» мектебінің біліктілікті арттыру курстарының жетекшісі Диана Дүйсенова.

Осылайша, «Ozyq Urpaq» бағдарламасы жас толқынға шабыт беріп, олардың білімін нақты жетістіктерге айналдыруға, айтулы жарыстарда топ жарып, жеңімпаз атануға септігін тигізеді.