Қуандық Бишімбаев ісін қарап жатқан мемлекеттік айыптаушы прокурор Айжан Аймағанова жаңадан ашқан Instagram-дағы парақшасында видео жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.
«Парақшамды ашқан кезде, маған көп адам жазылады деп ойламадым. Тек менің атымнан жалған парақшалар ашылып кетпесе екен деген мақсатым болды. Бұл менің әлеуметтік желідегі жалғыз аккаунтым, менде Tok-tok жоқ. Менің студенттік кезімнен @zhakiti аккаунтым бар, осыған орай парақшам осындай атау алды. Қазір прокуратура қызметкері ретінде маған жүктелген барлық жауапкершілікті түсініп, бар аккаунтты @aimaganova_a деп өзгертуге және қоғамға ашық әрі пайдалы болуға шешім қабылдадым», - деп жазды прокурор.
Бірақ қазіргі жағдайда өзге әріптестері секілді желіде белсенді бола алмайтынын атап өтті.