Пайдалы қазба өндіруге салынатын салық кен орындарын пайдаланушылардың салық алу негізін екі есеге ұлғайтады

"Егер қазба байлықтарына салық салатын болсақ, онда кен орындарын пайдаланушылардың салық базасы екі есеге дейін көтеріледі", - деді Д. Ерғожин.

"Ең көп дегенде екі есеге өседі, бірақ оны есептеу керек", - деп сөзін жалғастырды ол.

Оның ақпараты бойынша, биылғы жылдың 9 айында мемлекеттік бюджет қоржынына 500 млн теңгеден аса салық түсімдері аударылды.

Бүгін хабарланғанындай, ҚР қаржы министрлігі ренттік түсім салығының орнына пайдалы қазба өндіруге салық салуға ұсыныс жасалғаны туралы қаржы вице-министрі Д. Ерғожин құлағдар еткен.

"Осыған байланысты біз салық кодексіне кезекті өзгертулер мен толықтырулар енгіземіз. Сол арқылы республика шикі заттан түсетін тұрақты табыспен қамтамасыз етіледі ", - деді Д. Ерғожин.

Ол түсіндіргеніндей, пайдалы қазбаларға салынатын түсім салығының орнына салық салынуы мүмкіндігі туралы мәселе көтерілуде. " Бүгінде біз роялти және ренттік салық туралы әңгіме көтеріп отырмыз, олар іс жүзінде жалпы көлемде төленбейді", - деді Д. Ерғожин.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті