Кешелі бері Амантай қажы 23 жастағы пәк қыздан тоқал алды, деген ақпарат елді дүрліктіріп жіберді. Жас тоқтал мәселесі ғаламторда, әлеуметтік желілерде түрлі пікір талас туғызды. Көпшілік жас қыздан тоқал таңдаған қажыға наразылық танытса, басым бөлігі мұны жалған ақпарат, деп сенгісі келмеді.
Дегенмен, елді шулатқан мәліметтің рас өтірігін білу үшін Caravan.kz тілшілері Амантай қажының өзінен жөн сұрауды құп көрді. Алғашында журналистерге қаhарын бір төгіп алған қажы, екінші мәрте өзі хабарласып, мән-жайды айтқандай болды.
Амантай аға, сонымен жас тоқал алғаныңыз рас па?
- Мен әзірге, алдым алмадым деп ештеңе айтпаймын. Өйткені, көз тиеді. Ол менің жеке мәселем. Жігіттік күш қуатым жетеді. Алла бұйырса әлі де үш төртеуін аламын. Менің аталарым бәрі тоқал алған. Асылбек атамның 4 тоқалы болған».
Ал ғаламторды шарлап жүрген суреттегі жас қыз кім болды сонда?
Оны соны түсірген журналистен сұра.
Көпшілік бұл ісіңізге наразы, құптағандары аз кем.
- Көре алмай жатқандар аман болсын. Көре алмаушылық шариғат бойынша күнә. Сондықтан қолдарынан келсе тоқал алсын.
Амантай қажының айтуынша, жарты млн қазақ қыздары күйеуге шықпай тұр. Ал тоқал алу ата-бабамыздың салт-дәстүрі.
«Қазақ қыздарын тастауға болмайды ғой, шаңырақ көтермей тұр. Жаным ашиды қыздарға»,-деді қажы.
Оның пайымдауынша, тоқал алу ұлттық мәселе екен. Өйткені қазақтың саны кемінде 50 млн болуы тиіс.