Пәкістан президенті 2005-жылдың ІІІ тоқсанында елімізге келеді

Елшінің айтуынша, бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім хатын табыс ету рәсімінен кейін осындай мүмкіндік талқыланды. "Қазір біз сапарды 2005-жылдың ІІІ тоқсанында, дәлірек айтсақ қыркүйек-қазан айларында жүзеге асыру үшін бар күшімізді салудамыз",- деді ол.

Елшінің пікірінше, "П.Мушаррафтың сапары екі жақты ынтымақтастықты нығайтудың маңызды факторына айналмақ".