Пәкістанда 600 адам терроризмге қатысы бар деген күдікпен ұсталды

Тәртіп сақшылары Хайбер-Пахтунхва пәкістандық провинциясында көп көлемде қару тәркілегені хабарланды.

Ұсталғандардың  125-і Ауғаныстаннан заңсыз келген мигранттар. Сондай-ақ полиция қызметкерлері 1392 оқу орнын тексеріп, қауіпсіздік шараларын күшейтуге кеңес берген.

Елдің солтүстік-батысында шамамен 150 содыр жойылғаннан бір ай өткен соң шара бастамасы көтерілді.