Пәкістанда автобустағы жарылыс салдарынан 20-дан аса адам қаза болды

Жергілікті басшылық өкілдерінің айтуынша, жарылыс кезінде автобуста 51 жолаушы болған.

Жарылыс орнында жүргізілген сараптаманың жеткіліксіздігінен тоғыз адамнан әзірге хабар жоқ.

БАҚ мәліметтеріне қарағанда, жарылыс Кветтадан 60 шақырым жерде екі автобустың бірінде болған, бұл автобустар Ираннан қайтқан қажыларды күзетпен әкеле жатқан болатын.

Билік әзірге автобустың ішінде қандай жарылғыш заттың болғандығын және терактіні жанкешті террорист жүзеге асырды ма, ол жағын білмейді.