Пәкістанда экскурсия кезінде 10 оқушы суға батып кетті

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қазақпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Пәкістанның солтүстік-батысындағы Хайбер-Пахтунхва провинциясында оқушыларды Танда көлі арқылы тасымалдап бара жатқан шағын кеме аударылып, 10 оқушы мерт болды. The Times of India басылымының 29 қаңтар, жексенбі күні жергілікті полиция өкіліне сілтеме жасап хабарлауынша, марқұмдардың жасы 7-14 жас аралығында болған.


Билік 11 бала құтқарылғанын, оның алтауының жағдайы ауыр екенін мәлім етті. Полиция өкілдерінің түсіндіруі бойынша, діни мектептің 25-30 оқушысы кемемен экскурсияға шыққан.