Пәкістанда пойыз өртенді: қаза тапқандар саны 60-тан асты

Бұл туралы Tengrinews.kz РИА Новости-ға сілтеме жасап хабарлайды. 

 
 
Осыған дейін, Пәкістанда пойыз өртену салдарынан кемінде 10 адам қаза тауып, 30 адам жарақат алғаны айтылған еді. Компания өкілінің айтуынша, өрт - тамақ істеуге қолданылатын газ балоны жарылу салдарынан шыққан. Өрт үш вагонға жайылған. Пойыз Караши қаласынан шығып, Равалпиндиге бара жатқан. 
 
Пәкістан темір жол министрі Geo TV телеарнасына берген сұхбатында Шейх Рашидтің айтуынша, көптеген адамдар қозғалыс кезінде өртеніп жатқан пойыздан секіремін деп қайтыс болған. 
 
Дәрігерлер қаза тапқандардың көбісінің кім екенін анықтай алмай жатыр екен. Кейбіреулері қатты күйіп қалған.