Пәкістанда құлаған ұшақ толығымен дерлік өртеніп кеткен

Бұл туралы Caravan.kz тілшісі түрлі дерек көздеріне сүйеніп хабарлады.

Pakistan International Airlines әуе компаниясының Читрал - Исламабад бағытындағы ұшағы кеше кешке ұшып шыққаннан кейін жарты сағаттан соң жоғалып кеткен. Жоғалардың алдында экипаж капитаны көмек керектігі туралы белгі беріпті.  Әуе кемесі Аббот-Абад провинциясында құлады. Оның бортында экипаж мүшелерін қосқанда 47 адам болған. Ел үкіметіндегілер олардың ешқайсысының тірі қалмағанын хабарлады. Көбінің денелері адам танымастай болып жанып кеткен.

Кейбір ақпарат агенттіктері осы құлаған ұшақтың 2009 жылы Пәкістанның екінші ірі қаласы - Лахорда апатты жағдайда қонғаны туралы айтып жатыр.