Reuters агенттігінің мәліметтеріне қарағанда, құрбандар саны 217 адамға жеткен. Бұл көрсеткіш әлі да көбеюі мүмкін деп күтілуде.
Келіп түсіп жатқан ақпараттарға қарағанда, жер асты дүмпулерінің салдарынан, сондай-ақ, Белуджистан провинциясының тұрғын үйлері және жаңа салынып жатқан құрылыстар қирап қалған.
Жер асты дүмпулерінің күші өте жоғары болғандықтан, кей жерлерде теңіз түбі көтеріліп кеткен. Нәтижесінде Аравия теңізінде Гвадардың жағалық сызығынан шамамен 600 метрде кішігірім арал пайда болды.