Пәкістанның оңтүстік-батысында жарылыс салдарынан 15 адам ажал құшты


AFP агенттігінің деректеріне сәйкес, жарылыс Кветта қаласындағы полиомиелитке қарсы вакцинациялау орталығы ғимаратының маңында болды. "15 адам қаза тапты, олардың 12-сі полицей, бір әскери қызметші және екі азаматтық тұлға", - деп мәлімдеді агенттікке жергілікті құқықтық тәртіп органдарының өкілі.   10 адам жарақат алды.