Палата аппаратының қызметкерлеріне Мәжіліс төрағасының Алғыс хаты табыс етілді

ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Бобров депутаттар атынан Палата Аппаратында қызмет істейтін мемлекеттік қызметшілерді әріптестерім деп айта келіп, Қазақстанның тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың айқындап берген стратегиялық бағытын заңмен қамтамасыз етуде депутаттар мен Парламент қызметкерлері барлық жұмысты бірлесіп атқарғанын тілге тиек етті.

Мәжіліс төрағасының орынбасары ризашылығын білдіре тұрып, Палата Төрағасының атынан бірқатар Парламент қызметкерлеріне Алғыс хат табыс етті.

Мәжіліс пппаратының басшысы Ерген Дошаев та жылы лебізін жеткізіп, алғыс айтты және мемлекеттік қызметшілерге жауапты қызметтерінде абыройлы бола беруіне тілектестігін білдірді.